Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қорғаныс министрлігінде Жапонияның Қазақстандағы әскери атташесі таныстырылды

 Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Жапония әскери-дипломатиялық корпусының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өз миссиясының аяқталуына байланысты полковник Тадаси Савари Жапонияның Қазақстандағы жаңа әскери атташесі полковник Хироаки Фунатаны таныстырды.

Кездесу барысында тараптар әскери медицина, білім беру және бітімгерлік қызмет саласындағы қатынастардың жанданғанын атап өтті.

Полковник Олжас Құсайынов бұрынғы әскери атташеге әскери ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да артатынына сенім білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 605 талапкер тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды

admin

Шымкент: санитарлық шараларға 3 мыңға жуық адам жұмылды

admin

Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды

admin