Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Көп балалы аналарға мемлекеттік награда табысталды

Отбасы — шағын мемлекет. Ынтымағы жарасқан, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің ресурсы. Ана — отбасының жылуын сақтаушы, сондай-ақ қоғамның ертеңі — балаларды тәрбиелеуші. Жанұяның жылуын суытпай, ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналарымыз әрқашан құрметке лайық, Қаратау ауданында еліміздің Конституциясы күні қарсаңында Батыр Аналарды Мемлекет басшысы атынан аудан әкімі мерекемен құттықтап, арнайы Мемлкеттік наградаларды табыстады.

Мерекелік құттықтау барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №284 Жарлығымен Шымкент қаласы Қаратау ауданынан 14 ана «Алтын алқа» белгісінің иегерлері, 57 ана «Күміс алқа» белгісінің иегерлері атанды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде 100 жастан асқан 440-тан астам адам бар

admin

Түркістан өңірінде экзотикалық жеміс-жидектер өсіретін жылыжайлар аумағы ұлғаяды

admin

Түркістан облысында малдарды дәрілеу кезінде заңбұзушылықтарға жол берілген

admin