Конституцияның құрдасы полицей Бекзат мерекеге арнау арнады

Департамент қызметкерлерін қызметтік куәлікпен қамтамасыз ететін кадр саласының үздік мамандарының бірі полиция кіші сержанты Бекзат Асанханұлы. Ішкі істер саласындағы қызметін Бәйдібек аудандық полиция бөлімінен бастаған Бекзат, қазіргі таңда Департаменттің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының технигі полиция кіші сержанты лауазымында қызмет атқарады.

Өзінің Конституциямен төл құрдас екенін атап өткен Бекзат Асанханұлы, өз қаламынан туындаған өлең шумақтарымен баршасын қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

Ата Заң болашақтың сылдыр үні,

Елдіктің бастаушысы шын ғұмыры.

Кешегі бабалардың аңсап кеткен

Ата заң ең ардақты құндылығы.

Ел болып орнағандай ізгі көктем,

Ұлтымызда ұстады тізгін еппен.

Ата Заң мерекесі қарсаңында

Сіздерді құттықтаймыз шын жүректен!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ