Конституция құрдасы ел тыныштығын күзетіп жүр

Конституцияның құрдасы Орынбек Тәшкенбай Жұмабекұлы – Түлкібас ауданында дүниеге келген. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің Ақпарат және байланыс тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты.

Алғаш еңбек жолын 2018 жылы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің Ақпарат және байланыс тобының технигі қызметінен бастаған ол, құқық қорғау саласында абыройлы еңбек етіп келеді.

Конституцияның құрдасы – тәртіп сақшысы Орынбек Тәшкенбай бұл мамандықты таңдағанына өкінген емес.

«Мен мемлекетіміздің Ата заңы қабылданған жылы дүние есігін ашқанымды мақтаныш санаймын. Өсе келе ойға алған арманым орындалды, полиция қызметкері атандым, өз елімнің тыныштығын күзетіп жүрмін», – дейді полиция аға лейтенанты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ