Көлік полицейлері 221 есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті

Көлік полицейлері 221 есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі өткізгені үшін Жамбыл облысының 41 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталғанның тұрғылықты жерін тінту кезінде тағы да есірткі заты табылып, тәркіленді. Сот сараптамалық зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі кептірілген марихуананың салмағы 300 граммды құрады.

Аталған дерек бойынша Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының үкімімен қаскүнем 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 221 есірткі құқық бұзушылығын анықтаған, оның 17-сі өткізу, 16-сы аса ірі мөлшерде сақтау фактілері. Заңсыз айналымнан 97 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/kolik-politsejleri-221-esirtki-quqyq-buzushylyghynyng-zholyn-kesti/

ПІКІР ЖАЗУ