Көксәйек ауылының тұрғыны ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдейді
Еңбек адамының мерейін асырып, беделін көтеру бағытында еңбек адамдарын дәріптеуді қолға алған болатынбыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Көксәйек ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Пернесейіт. Ол жастайынан қолөнерге қызығып, ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысып келеді. Жоғары оқу орнында оқып жүргенде үйірмеге қатысып шеберлігін шыңдай түсті.
Қызығушылығын кәсіпке айналдыру мақсатында ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттық конкурсқа қатысты. Бизнес жоспарын сәтті қорғап, ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады. Грант қаражатына кәсіпке қажет станок алып, үйіндегі шеберханада ағаш бұйымдарын өңдеумен айналысуда. Жас кәсіпкердің айтуынша, өнімдерді тапсырыс бойынша жасайды. Ағаштан түйін түйген шебердің алғашқы өнімдерін туған-туыстары қолдау көрсетіп сатып алған. Қазіргі кезде шебердің қолынан шыққан дүниелерге тапсырыс берушілер саны артуда. Аталған кәсіпке туған інісін баулып, ағаштан бұйымдар жасауды үйретуде.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі