Көксәйек ауылдық округінде жеке қабылдау өткізді

Көксәйек ауылдық округі халқымен кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдауға келген округ тұрғыны А.Түймебаев Ш.Қалдаяқов көшесі бойы қоқыс алаңына айналғанын айтып, шара көруді сұранды.

Жас ұстаз А.Лесбек өзінің дефектолог маманы екенін, округтегі тіл мүкісі бар балалармен жұмыс істеу, олардың ой-өрісін, білімін, жетілдіруді қолға алғанын, ол үшін Мәдениет үйінен арнайы бөлме ашуына көмек сұрады.

Қоғам белсендісі Г.Байзақова Көксәйек елді мекенінде құрылысы аяқталмай тұрған спорт алаңшасына қатысты сот шешімі шыққанымен, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын аяқтамай отырғанын айтты.

Елді мекен тұрғыны Ұ.Бархатова елді мекендерге қоғамдық көлік жүргізсе деген ұсынысын жеткізді.

Округ тұрғыны О.Қозданбаев Көксәйек елді мекеніндегі аудандық аурухана алдындағы автотұрақ орнында заңсыз сауда нүктелері көбейгеніне шағымданды.

Аудан басшысы қабылдау барысында көтерілген барлық мәселе мен әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. Сөз соңында тапсырмалардың орындалуын жіті бақылауында ұстайтынын айтты

ПІКІР ЖАЗУ