«Қоғамның әлеуметтік жаңғыруы жағдайында мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау, басқару және жобалау» тақырыбында аудандық тәлімгерлер семинары өтті

Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде  2022 жылы 23 қараша күні  Түлкібас аудандық   адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына  сәйкес  «Қоғамның әлеуметтік жаңғыруы жағдайында мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау, басқару  және жобалау»     тақырыбында  аудандық  тәлімгерлер  семинары өтті.

Өскелең жас ұрпақты жан –жақты үйлесімді  дамуға, әлеуметтік және қоғамдық жұмысқа белсене қатысуға тәрбиелеу мақсатында   өткізілген семинарға  аудандық  білім бөлімінің  әдіскері  Бурлибаева Ақмарал Талғатқызы  және ауданның  барлық  мектептерінен  49 аға тәлімгер қатысты.

Педагог-психолог Избанбетова Кенжегул әріптесіміз келген қонақтарға жағымды психологиялық ахуал жасаудан бастады.

Бағдарламада:

 Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының TEDx әлеуметтік жобасы бойынша қосымша білім педагогы Дуанабеков  Фархат оқу мен  тәрбиені ұштастыра отырып өзі-өзі басқару және   «Адал ұрпақ» ұйымының         жұмыстарын көрсете білді.

Сонымен қатар Ф.Дуанабеков оқушылар  мен бірге «Өмірдің өзі театр» бейнеролигі,  «Тіл табысқандар» атты комедиялық қойылымы көпшілікке жаңа қырынан көрінді. Бұл қойылымда  оқушылардың ойнаған  ролдері өте  сәтті шықты.

 8 «Ә» сынып жетекшісі Завева Ғалия жылдық  тәрбие сағатын QR код арқылы жоспарлап, оның мұғалімдер,  оқушылар және  ата-аналар үшін де  тиімді әрі оқушылардың алдын ала тәрбие сағатына  дайын болып келетіндігін, нәтижесінде сыныптың көптеген жетістікке жеткендігін бейнеролик арқылы көрсетті.

3.Бастауыш сынып мұғалімі Айтаева Умида  тәрбиелік  мәні бар  «Аю мен маса» қуыршақ театрын  өте жоғаргы дәрежеде көрсетіп, көрермедердің алғысына бөленді.

4.Тарих пәнінің Умиралиева Марал « Мемлекет тарапынан жасалатын инвестиция әлеуметтік саладан гөрі білімге  жасалуы керек.» деген тақырыпта Америкалық Парламенттік  форматында өткізген  дебаттық қозғалыста 10 сынып оқушылары  Мархаба,  Айжан, Елизат және 9 сынып оқушысы  Парасат өз ойларын еркін сөйлейтін, осы бағытқа  әбден төселген, ережеден ауытқымай нақты дәлелдермен ойынды аяқтады.

5. Патриоттық тақырыпқа арналған «Келешектің тұтқасы білімді және өнерлі ұрпақтар» атты концертке 3-11сынып оқушылар хор ұжымы, домбырашылар ансамблі,  ән-би,  спортық  ойындар   жан-жақты  өнелерін өте жақсы дәрежеде көрсетті.  Бұл музыка пәнінің мұғалімі  Усманова Жанар мен үйірме жетекшісі  Пиртаева Акботаның жетекшілігімен өткізілді.

 6.Мектептің аға тәлімгері  Амирбекова Динара «Егеменді елдің-Ұланымыз» ұранымен 4-сынып оқушыларын «Жас Ұлан»   ұйымына қабылдау салтанатты жиынын  өткізді. Оқушыларға  келген қонақтар ұйым галстугін тақты.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Бейсеева Махбал ұйымдастырушы  педагог Тұрманбеков Төлеби   7 сынып оқушыларына  «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында «Тимбилдинг» атты спорттық ойынын ұйымдастырды.

Бұл ойынның мақаты : бірін-бірі қолдау, біртұтас команда құру; командалық ортақ пікір, тиімді қарым-қатынас, өзара сенім қалыптастыру және әрі қарай жетістікке бірге жету үшін  жұмыс жасау жолдарын үйретуге тәрбиелеу. Жарыс өте қызық және тартымды болды.

Мектеп ұжымында  ұстаздарымыз  жаңа форматтағы жобалар мен әдіс тәсілдерді   жақсы меңгергендігі өткізілген іс-шаралардан көрініп тұрды.

 Мектеп дәліздерінің жабдықтары мен безендіру жұмыстарына қонақтар тарапынан жақсы пікір айтылды.

 Кітапханашы  Жумадилова Гулмайраның «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Жаңа кітап- жаңа әлем»  кітап көрмесі,  шахмат бұрышы да өте жоғарғы дәрежеде үйлесімді қойылғаны қорытынды талдау барысында айтылып кетті. Талдау барысында П.Шевцов мектебінің аға тәлімгері Нұрислам  Асхатұлы өзінің семинарға шығарған өлең шумақтарымен ыстық ықыласын білдірді.

Бағындырар кіл жүйрік, шыңды асқарды

Себеп болып мен жаздым, бұл дастанды,

Семинар өтеді деп тәрбиемнен

Рысқұловқа келумен күн басталды.

Кейіпкердей шабатын, аңыздағы

Көзім жетті, қалатын сан із бары,

Алпыс жылдан асыпты, ала болмай

Несібесі кетпепті, ауыздағы.

Бұл шаңырақ Тұрардың, дәнегімең

Ып-ыстық көңіліңнен, қар еріген,

Психолог апайым ашып берді

Батыспенен шығыстың, сәлемімен.

Ерекше көз қарастың қиығыма

Қуатты тәрбиенің, сыйы мына,

Сәлемнен соң кезегі беріліпті

Өзін өзі басқару ұйымына.

Өлең жазып кезекпен, бөгелмедім

Тамашалап отырды ел еңбегін,

Бейнеролик, театр кезек алып

Оқушылар көрсетті өнерлерін.

Біліміммен бәрімен теңделемін

Ақтап шықсын үмітті, сенген ерің,

Шын жүректен тағыда риза болдым

Семинарды мен мұндай көрмеп едім.

ПІКІР ЖАЗУ