Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі өзгертілді

Түркістан облысының тұрғындарының назарына, жұмыспен қамту шараларына жататын субсидияланатын жұмыс орындарының шарттарына өзгертулер енгізілгенін хабарлаймыз.

Атап айтқанда, қоғамдық жұмыстарға жолданатын жұмыскерлерге алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін және уақытша жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік бағыттағы түрлі, пайдалы еңбек қызметтері ұсынылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды Мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.

Аталған қоғамдық жұмыстарға 16 жастан бастап, зейнет жасқа дейінгі азаматтар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, оқудан тыс уақыттағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары сондай-ақ, өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатыса алады.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық жұмыс орындарының бір айдағы еңбекақысы  88 608 теңге болып бекітілген. Біле жүріңіз, бұл көрсеткіш экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді есепке алмағандағы салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін бөлінетін өтемақыны ескерген жағдайда ғана орындалады. 

Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін үміткерлерге мынадай құжаттар қажет:

1) жеке басты куәландыратын құжатты

2) еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса);

3) бар болса білімі туралы құжатты (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқудан өткенін растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) қоса бере отырып, аудандық, қалалық Мансап орталықтарына өтініш береді.

Жолдама алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Мансап орталығына жүгіну қажет.

ПІКІР ЖАЗУ