Қоғамдық орындарда бет әлпетті жабуға тыйым салу: полиция заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруде

“Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету аясында Түркістан облысының орталығында полицейлер қоғамдық орындарда бетті тұмшалауға тыйым салуды көздейтін заңнамадағы өзгерістерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түзетулердің негізгі мақсаты-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығы құқығын қатаң сақтай отырып, адамдарды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.
Полицейлер азаматтарға тыйым тек бетті толығымен жабатын және маска сияқты жеке тұлғаны анықтауға кедергі келтіретін киімдерге қатысты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар хиджаб, шейла, химар және әл-амира сияқты бетті жаппайтын діни киімдердің элементтері бұл нормаға жатпайды.
Тыйым ауа-райына, медициналық көрсеткіштерге, заң талаптарының орындалуына, қызметтік және еңбек міндеттеріне, азаматтық қорғау саласындағы қызметке, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларға байланысты жағдайлар орын алғанда қолданылмайтынын атап өту маңызды.
Полицияда көзделген шаралар негізінен профилактикалық болып табылатынын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтарды құқықтық ақпараттандыруға бағытталғанын атап көрсетеді.