«Қоғамдағы татулық пен бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты тақырыпта кездесу өтті
Аталған кездесуге Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғ.Байарыстан, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, «Еуро-Азияль медиация орталығы» ҚБ директоры, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегирова, Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев, кәсіби медиатор Л.Асанова, Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығының директоры, кәсіби медиатор Д.Кенжеқұлова, Төлеби ауданының билер кеңесінің төрағасы М.Бекболатов, аудандық полиция бөлімі және аудандық білім беру мекемелерінің басшылары мен құзырлы мекемелердің салаға жауапты қызметкерлері және кәсіби медиаторлар қатысты.
Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғ.Байарыстан, медиация туралы заң 2011 жылы қабылданғанын, алайда 2015-2016 жылдан бастап қарқынды жұмыс жүргізе басталғанын. Жалпы медиация ұғымына келетін болсақ, орын алған қақтығысты сотқа жеткізбей ауыл билерінің және кәсіби медиаторлардың көмегімен екі тарапты бітімгершілікке шақыру, кез келген азаматтың сотқа жүгінуге құқығы бар алайда, осындай жағдайларда медиация көмегімен екі тарап келісімге келіп, татуласқаны әлдеқайда оңтайлы шешім екендігін, сотқа түсетін талап арыздардың 30-35% шамасында медиация көмегімен шешіліп жатқандығын. Сол себепті, барынша медиацияны қолданып, бірлікке, татулыққа шақырды.
«Еуро-Азияль медиация орталығы» ҚБ директоры, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегирова, халық нотариус, адвокат және сот ұғымдарын біледі, алайда медиация сөзін енді ұғынып жатыр. Медиация сөзі жемқорлық, зорлық-зомбылық, экстремизм-терроризм және нашақорлықпен айналысып, ұсталған жағдайларда қолданылмайды. Ажырасу, еңбек және жер даулары, көршілер арасында және ата-ана мен ұстаздар арасында кикілжіңдер орын алған жағдайда істі сотқа жеткізбей медиация көмегімен шешуге болады.
Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев, қазіргі уақытта медиация қоғамға, ортаға әсіресе әрбір отбасыға қажет дүние. Бұрында ата-бабаларымыз қандай да бір кикілжің орын алған жағдайда екі тарапты бейбіт жолмен келісімге шақырып, татуластырғанын.
Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығының директоры, кәсіби медиатор Д.Кенжеқұлова, облыс бойынша «Мектеп медиациясы» деген жоба іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта Түркістан қаласы «Ататүрік» мектебінде бұл жоба іске асуда. Қандай да бір дау орын алған жағдайда сотқа емес медиацияға жүгіну керектігін.
Төлеби ауданының билер кеңесінің төрағасы М.Бекболатов, «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген ұстаныммен өмір сүрген дана халқымыз аталы сөзге тоқтауды білген. Қара қылды қақ жарып, әділдігін айтатын билердің көмегімен ел бірлігін сақтап, дауласушы тараптарды мәмілеге келтіру – ата-бабаларымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі, олар «Ара-ағайындық», «Бітімгер», «Мәміле» және т.б. терминдер қолданғанын жете түсіндіріп өтті.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан медиация институтын дамытудың маңызы туралы сөз қозғалып, ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.