Кішкентай қалаға инвестор тарту қиын – Ұлытау облысының әкімі

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қоқыс шығару мәселесі облыстағы түйткілді мәселенің бірі болды дейді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дастан Рыспеков облыста қоқыс шығару мәселесі басты назарда тұрғанын айтады. Дегенмен 12 жыл бойы Жезқазған, Сәтбаев қалаларында қызмет көрсеткен мердігер компаниямен қызметін дұрыс атқармағандықтан келісімшарт бұзылған.

Кейін келген мердігер компания қала тазалағын барынша қамтамасыз етіп отыр, – дейді әкім.

Сондай-ақ облыстағы тұрмыстық қалдықтар полигондарын талаптарға сәйкестендіру бойынша да бірнеше мәселенің бар екенін атап өтті.

Сұрыптау зауыттарын, полигондарды салу үшін инвесторлар көбінесе үлкен қалаларды таңдайды. Дегенмен соңғы екі жылда бір инвестормен жұмыс жасадық. Қазір оған Жезқазған қаласынан 16 гектар жер беріліп, су және электр бойынша техникалық шарттар рәсімделді, – деді әкім.

Бұл инвестор «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы қаржыландырылады. Жобаның жалпы құны 719 млн теңге. Қазіргі кезде сметалық құжаттама толық дайын. Әкім сөзінше, жұмыстар келесі жылы көктемде басталады.