Кезекті рет жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасының тапсырмасына сәйкес 2022-2023 жылдың жылыту маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында Т.Рысқұлов ауылы, ДСУ мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлер араланып, тұрғындарға қыс мезгілінде жылыту қазандықтарын қолданғанда улы газдан уланудан сақтану және өрт қауіпсіздіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүгізілді.

Маңызды шараға аудандық төтенше жағдайлар, полиция, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері мен аудан әкімдігінің мамандары және ерікті жастар ат салысты.

Нәтижиесінде 9 тұрғын үй, 130 пәтер араланып, тұрғындарға арнайы дайындалған 780 дана жадынама парақшалары таратылды.

Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ПІКІР ЖАЗУ