Кезектен тыс он тоғызыншы сессия өтті

Төлеби аудандық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында бір ғана мәселе қаралды. Сессия жұмысына мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Мадина Ермаханбетова төрағалық етіп, мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев қатысып отырды.
Жиында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Орал Сүттібаев “Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады.
Сессия қорытындысымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 бабына, Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 тамыздағы №286 және 31 тамыздағы №287 шешімдеріне сәйкес, аудандық мәслихат сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылдады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ