Кезектен тыс ХХІІ сессия өтті

Бүгін, Төлеби аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымдағы кезектен тыс XXII сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.

Мәжілісте 3 мәселе қаралып, депутаттардың талқылауына алынды. Олар:

  1. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №13/74-VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №14/80-VIІ «2022-2024 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы №3/21-VII «Төлеби аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Жаналиұлы баяндама жасады. Үшінші мәселе негізінде аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Анарбек Тілеубекұлы хабарлады.

Бюджетке енгізілетін өзгерістерге қатысты мәслихат депутаттары сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Аудандық жер комиссиясының құрамына өзгеріс енгізіліп, комиссия жұмысына қатысты аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы пікірін жеткізді.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуесханұлы қатысып отырды. Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді. Сессия отырысы тікелей эфирде Aitube желісінде трансляцияланды.

© Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі

 

ПІКІР ЖАЗУ