Кез келген мәселе ескерусіз қалмайды
Аудан тұрғындарымен кезекті кездесу Қоғалы ауылдық округінде өтті. Мәдениет үйінде өткен басқосуда халықты Республика күні мерекесімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 айдағы көрсеткіштерімен, жыл көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырдым.
Жалпы, Қоғалы ауылдық округінде 3 елді мекен бар. Округтегі аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы – 80,4 пайыз. Биылғы жылы облыстық маңызы бар КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» автомобиль жолының Диханкөл-Қасқасу-Зертас аралығы орта жөндеуден өтіп, аяқ жол салынуда. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Жерұйық, Бірлік, Алмалы көшелерін орта жөндеуден өткізу бағытында құжаттары дайындалуда.Сондай-ақ, Алшалы-Ұзынарық аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірді күрделі жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Үш елді мекенді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін көгілдір отынды ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде округке 531 ГШРП қойылып, 42,7 шақырым табиғи газ құбыры тартылды. Ұзынарық, Диханкөл, Алшалы елді мекендеріндегі ауыз су құбырын жаңарту қолға алынып, қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылды. Бұлақты, Бейбітшілік көшелеріндегі электр желілері мен бағаналарды ауыстыру ісі «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвест бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Алшалы елді мекеніне түнгі жарық қойылды. Ұзынарық елді мекеніндегі спорттық алаңшаға газон төселіп, Диханкөл елді мекеніне аяқ жол салынуда. Сондай-ақ, мемлекеттік – жекеменшік әріптестік шеңберінде фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізіледі.
Үшінші тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы:
- Облыстық маңызы бар Диханкөл елді мекеніндегі орталық көшеге жол кедергілерін орнату 2023 жылы жүзеге асады.
- Бәйтерек көшесіндегі тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерді ауыстыру 2025 жылы инвест бағдарлама шеңберінде жүзеге асады.
- Диханкөл елді мекеніндегі әлеуметтік маңызы бар нысандар маңына бейнебақылау камераларын орнату ісі жоспарлануда.
- Алмалы көшесіне «Ауыл-ел бесігі» жобасы арқылы асфальт төсеуге құжаттар әзірленуде.
- «Науытсай» каналының 9 шақырымы тазаланды.
- Алмалы көшесіндегі талапқа сай емес қойылған электр бағаналары ауыстырылды.
- Үлкен Алшалы ауылына баратын Ұзын каналы толықтай тазаланды.
Кездесу барысында округ халқы тозығы жеткен ауыз су құбырларын жаңартуды, елді мекен аумағынан тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алған азаматтар нысаннның құрылысын белгіленген мерзімде жүргізе алмағандықтан, оны ұзартуды сұранды. Интернет, ұялы байланыс желісіне қатысты сұрақтар қойып, жол кедергілерін орнатуды өтінді. Түнгі жарықтандыру, аяқ жол салу мәселелері де кездесуде сөз болды.
Сұрақ-жауап форматындағы басқосуда халықтың айтқан әрбір ұсынысы, өтініш-тілектерін үнемі назарымда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткіздім.