Кентаулық полицей “Ерлігі үшін” төсбелгісімен марапатталды

Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасында бүгінгі күннің батыры атанған полицей марапатталды.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын мерекемен құттықтай отырып, қызмет барысында екі рет тұрғындарды ажалдан арашалап қалған кентаулық учаскелік полиция инспекторы Бағзатхан Есімхан Әдетханұлына ҚР Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен “Ерлігі үшін” төсбелгісін табыстады.

Айта кетсек, полицей күнделікті жұмыс кезінде пәтерде жалғыз өзі қалып, ішінен құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5 қабаттың балконы арқылы кіріп құтқарып қалған. Оған қоса 4 қабаттың терезесінен секірмек болған ер жігітті де дер кезінде ажалдан арашалап алған.

Бүгінгі күннің батырына айналған тәртіп сақшысы екі оқиға кезінде шапшаңдық, ептілік таныта білген. Бұл әрекеті ерекше бағаланып, құрметке бөленді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ