Кентауда жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жиын өтті

Кентау қалалық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, “Зорлық- зомбылыққа жол жоқ”, “Бала тәрбиесі – баршаның ісі”, “Электрондық темекінің (вейп) зияны” және “Менің отбасым – сыйластық орнаған ортам” атты тақырыптарда тренингтер, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізілді.

Аталған шараларға ата-аналар, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының қатысты. Сонымен қатар халық көп шоғырланатын орындарда брошюралар таратылып, түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Кентау қалалық полиция бөлімінің “Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Майра Сарсенбайкызы Құттыбаеваның қатысуымен өткізілген бұл шараларда қоғамда белең алып отырған зорлық-зобылықтың, буллинг, кибербуллинг және ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған ақпараттар беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.

ПІКІР ЖАЗУ