Кентауда тұрғындарды белсенді өмір сүруге бейімдеу жұмыстары жанданады

Кентау қаласыныңң әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымени кезекті аппараттық жиын өтті. Лездемелік жиынның күн тәртібінде бес мәселе қаралып, баяндамалар тыңдалды.

Алғашқы болып қалалық экономмика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев бюджеттің оррындалуы бойынша, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Төлегенов төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы баяындады.

Қала басшысы алдағы жауын-шашын, қар жауатын мезгілдерде орын алу мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қажетті шараларды атқару жұмыстарын тиісті сала басшыларына тапсырды.

Үшінші болып қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Е.Балабеков орталықтың 9 айлық есебін баядап өтті.

Қала басшысы орталықта бірнеше қызмет көрсету жұмыстары барын алға тартып, халықты белсенді өмір сүруге бейімдеу шараларын жандандыруды тапсырды.

Әрбір жасалған баяндамада тек атқарылатын жұмыстарды ғана емес, нәтижелі жүзеге асырылған жұмыс барысын көрсете отырып баяндау керектігін ескертті.

Күн тәртібіндегі соңғы баяндама жасаған 109 байланыс орталығының басшысы Ж. Қожахмет мен қала әкімдігі аппаратының бас инспекторы-баспасөз хатшысы Ж.Алимбаева Кентау қаласы жайында шыққан сыни ақпараттар жайында баяндап өтті.

Баяндамашыларды тыңдаған қала басшысы қаладағы 4 сектор бойынша анықталған кемшіліктер мен тұрғындар тарапынан түскен шағымдарды дер кезінде назарға алып, жұмыс жүргізу керектігін нақты тапсырып, берілген жұмыстарды баяулатқан басшыларға шара көру керектігін ескертті. Әрбір берілген жұмыстың жүргізілу барысы өзінің жіті бақылауында болатынын атап өтті.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ