Кентауда Республика күні аталып өтті

«25 қазан Республика күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Егемендік – Ел еңсесі» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік кеште ең алдымен «Мұражай» қойылымы көрсетіліп, «Қаратау тәжі» ұлт аспаптар оркестірінің өнерімен бастау алды.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпшілікті мерекемен құттықтап, қаланың дамуына еңбегі сіңген бірқатар азамттарды марапттады.

«Бүгінгі таңда бұл күн мемлекеттік деңгейде атап өтіліп, мереке ретінде тойлануда. Осыған орай, Кентау қаласы әкімдігі тарапынан ауқымды шаралар ұйымдастырылып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Сондай-ақ, бұл күн еңбек майталмандары марапат алып, құрмет-қошеметке бөленетін кез. Мәртебемізді асқақтатып, ұлттығымыз-ды ұлықтайтын айтулы мереке еліміздің әрбір шаңырағына шаттығын ала келсін» деді қала әкімі.

Іс-шара барысында қала басшысы ең алдымен ұрпақ тәрбиесінде еселі еңбектері зор алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін төсбелгілермен марапаттады.

Білім қызметкерлері салалық кәсіподағының ұсынысымен алғаш рет Кентау қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен және Алғыс хатымен ардагер ұстаздар марапатталды. Атап айтқанда:

Таукеева Манат Пазилбековна – Кентау қаласы, Ә.Бокейханов атындағы №23 жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарған

Ханова Фанзиля Зуфаровна – Кентау қаласы, Ю.А.Гагарина атындағы №16 мектеп лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 45 жылда астам қызметін атқарған

Шинтемиров Сейфульмалик Абдукадирович – Кентау қаласы, мамандырылған Дарын мектеп интернатының дене тәрбиесі пәні мұғалімі қызметін атқарған

Бобровская Галина Федоровна – Кентау қаласы, Ә.Бокейханов атындағы №23 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тажидинов Суннатулла Хаширматович – Кентау қаласы «Шаш-төбе» жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Аманов Яркин Абдурахманович – «Қарнақ» жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Хайдарова Азада Рахматуллаевна – М. Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицейінің тарих пән мұғалімі

Сонымен қатар, қалада түрлі салаларда жетістікке жеткен, еңбек сіңірген азаматтарға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен қала әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Одан бөлек, қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізовте қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, облыстық және қалалық маслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты іс-шарада қаланың өнерпаздары мен қалалық мәдениет сарайының қызметкерлері өнер көрсетіп, мерекенің сәнін кіргізді.

ПІКІР ЖАЗУ