Кентауда “City bike“ іске қосылды

 Кентау қаласында «City Bike» автоматтандырылған, қаланың экологиялық жағдайына пайдасын тигізер әлеуметтік жоба іске қосылды. Қаланың екі бөлігіне орналасқан велосипедтерді тұрғындар белгіленген шарттары арқылы қолдана алады. Әзірге велосипедтер Ынтымақ алаңы мен Ясауи даңғылы бойына қойылды.
Велошеринг қызметін пайдалану үшін қажет картаның ақысы бір айға — 500 теңге. Алынған бір карточканы Кентау, Түркістан және Шымкент қалаларында пайдалануға мүмкіндік бар. Екі дөңгелекті көлікті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде қолжетімді.

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «CITY BIKE» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Велосипедті 30 минутқа дейін тегін пайдалануға болады. Осы уақыттан асқаннан кейін жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі:
– 0-ден 30 минутқа дейін – абонемент құнына қосылған;
– 31-ден 60 минутқа дейін – 100 теңге;
– 61-ден 120 минутқа дейін – 250 теңге;
– 121-ден 180 минутқа дейін – 500 теңге;
– 181 минуттан бастап және әрбір келесі сағат – 1 000 теңге.

Қалалық тасымалдау жүйесінің бір бөлшегі болар жүйені қолданарда ескеретін жайт — әр велосипед GPS қондырғысымен жабдықталған, әр тұрақта бейнекамера қойылған, бұл велосипедтің бөлшектері өзгесіне орнатыла алмайды. Бұған қоса мүлікке зиян келтірілген немесе ұрланған жағдайда (GPS арқылы тез арада анықталады) заң жүзінде шара көрілетін болады. Алдағы аптадан бастап абонент алу жұмысы жүргізіледі. Халық игілігі үшін жасалынған әрбір іске ұқыптылықпен қарап, жауапкершілікті ала отырып дұрыс қолдану сұралады. Тұрғындардың қолдануына қарай екі дөңгелекті көліктің санын арттыру жоспарланған.

Велосипед тебу қоршаған ортаға мүлдем қауіпті емес. Керісінше, көңіліңізді көтеріп, күні бойы сергек жүруіңізге кепіл болады. Ал егер велоспорт күнделікті әдетіңізге айналса, жалпы денсаулыққа пайдасы мол.

Күйзелістен құтқарады

Велосипед тебу арқылы жайсыз жағдайларды ұмытуға болады. Бірнеше км жоғары жылдамдықпен жүрсеңіз барлық теріс ойлар басыңыздан кетіп қалады. Велоспорт кезіндегі жай қозғалыс, біркелкі жылдамдық пен дұрыс дем алудың өзі орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.

Жүрек ауруын болдырмайды

Велосипед тебу кезінде жүрек бұлшық еті белсенді қызмет етеді. Әрдайым велоспортпен шұғылдану миокард инфарктісінің алдын алады. Алайда, 15 км/сағ артық жылдамдықта тауға шығу, белсенді жүру қимылдарына дайындалмаған адам үшін кері әсерін тигізеді. Жүрекке шамадан тыс күш түсіру зиян. Сондықтан, жаттығуды аз мөлшерден бастап, біртіндеп көбейту керек.

Варикоздың алдын алады

Аяқтағы тамырлардың варикоздың кеңеюіне генетикалық тұрғыдан велосипед педалін айналдыру өте пайдалы. Біріншіден, аяққа жүгіруге қарағанда арнайы салмақ түспейді. Екіншіден, аяқ әрдайым жазылып бүгіліп отырады. Соның арқасында вена тамырлары ішінде қысым жоғарылап, қан ағу жылдамдығы жоғарылай түседі.

Өкпе белсенді жұмыс істейді

Ұзақ уақыт велосипед тебу адам өкпесінің толыққанды жұмыс істеуіне пайдасы зор. Өкпемен белсенді жұмыс істеу, ағзаға оттегі көп түсіреді. Әсіресе, шылым шегетіндер үшін пайдасы зор. Мәселен, белсенді жұмыс істеген өкпе жиналған токсикалық заттарды жылдам шығаруға бейім болады.

Көздің көруін жақсартады

Күнделікті компьютерге көп уақыт қарап отыратындықтан, көзіміз тез шаршайды. Алысқа қарау мүмкіндігінен айырыламыз. Ал велосипед айдау барысында алыс аймақты да бақылайтындықтан, көзіміздің бұлшық еттері демалады.

Артық салмақты жояды

Велосипед артық салмақты жоюға көмектеседі. Орташа есеппен 1 сағаттай велосипед тебу 250-300 калорияға жоғалтуға себеп болады. Егер жүгіруге қиналсаңыз, оны велосипедпен алмастырыңыз. Аяғыңыздың бұлшық еттері қатаяды. Мұнымен қатар, теріңіздегі жаралар жазылады.

Велосипед тебу кезінде:

Егер сіз велосипедті енді ғана айдаған болсаңыз, 20-25 минуттан бастаңыз. Күн сайын 10 минут қосып отырыңыз. Айдау барысында буындарыңыздың немесе бұлшық еттеріңіздің ауырғанын байқасаңыз, шынығуды біраз уақытқа тоқтата тұрыңыз. Ағзаңызға үйренуге мүмкіндік беріп, артынша қайтадан жалғастырыңыз.
Велосипед тебу кезінде әр жарты немесе бір сағат сайын аз мөлшерде су ішіп отыру керек. Себебі, денедегі тізе буынында сұйықтық азайып кетеді. Жоғалған суды қалпына келтірген жөн.
Велосипедті тым тез айдау жүрек аурулары бар, физикалық жаттығуларға үйренбегендерге зиян болуы мүмкін.
Педальдарды табанның алдыңғы бөлігімен басыңыз. Велосипед тепкен кезде қол, мойын, арқаңызды босаңсытып отырыңыз.
Велосипедті тамақ іше салысымен айдамауға кеңес береміз.
Әлемдегі велосипедті қалалар1. Бейжің, Қытай Халық саны: ≈21 млн адам2. Токио, Жапония Халық саны: ≈13 млн адам3. Богота, Колумбия Халық саны: ≈7,4 млн адам4.Рио-де-Жанейро, Бразилия Халық саны: ≈6,3 млн адам5. Берлин, Германия Халық саны: ≈3,4 млн адам6.Париж, Франция Халық саны: ≈2,2 млн адам7. Будапешт, Венгрия Халық саны: ≈1,7 млн адам.8.Монреаль, Канада Халық саны: ≈1,6 млн адам.9.Барселона, Испания Халық саны: ≈1,6 млн адам10.Копенгаген, Дания Халық саны: ≈1,2 млн адам11. Амстердам, Нидерланды Халық саны: ≈813 мың адам12. Севилья, Испания Халық саны: ≈706 мың адам13. Портленд, АҚШ Халық саны: ≈576 мың адам14.Дублин, Ирландия Халық саны: ≈506 мың адам15. Антверпен, Бельгия Халық саны: ≈503 мың адам16. Крайстчерч, Жаңа Зеландия Халық саны: ≈341 мың адам17. Утрехт, Нидерланды Халық саны: ≈313 мың адам18. Мальмё, Швеция Халық саны: ≈310 мың адам19. Базель, Швейцария Халық саны: ≈171 мың адам20. Тронхейм, Норвегия Халық саны: ≈169 мың адам
2.4. Велосипед тебудің пайдалы жақтары

Қаржыны үнемдейді

Жасыл экологияға септігін тигізеді .Ауаны ластауға жол бермейді . Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) билігі қалалық жерлерде велосипед мәдениетін көтеруді қолға алмақшы. Ел билігі мұндай қадамға салауатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру мақсатында барып отыр. 2020 жылдан кейін қала тұрғындары мен меймандары көліктерін ттұраққа қойып, екі доңғалақты көлікпен қозғалатын болады. Ал, Дубайда 100 шақырымға созылып жатқан велосипед жолы пайдалануға берілді .

2.5. Қандай жандарға велосипед тебуге болмайды ?

Арқа омыртқасының қисаюы және омыртқа арасындағы жарық байқалған жандарға;
Простатит пен простат кальцинатымен ауыратындар
Остеохандроз, варикоз
Жүрек және жүрек қан тамырлары сырқаты табылған жандарға велосипед тебуге болмайды .

2.6. Велосипедшілерге қажетті заттар

Велосипедтің адам денсаулығына пайдасы бар екенін түсіндім; — Жасыл экологияны қорғауда велосипедтің зияны жоқ екендігін білдім; — Веломәдениетті көтеруге мән беру керектігін білдім ;-Ақшаны үнемдеуге септігін тигізеді ; Қазақ халқымыз «Жақсылық қылсаң халыққа , Бір қайырымын аларсың » -деген екен.
Велосипедтің адамға тигізер пайдасы көп. Велосипед-денсаулығымызды сақтауға мүмкіндік берсе, веломәдениетті көтеруіміз керек , екінші вело жолдары мен велотұрағын салса , жасыл экология оң септігін береді , үшініші ата-анамыздың еңбегімен тапқан қаржыны үнемдейміз, кез-келген жерге барғанда , велосипед бізден жол ақы сұрамайды . Велосипедтің пайдасын тереңірек біліп , халқыма пайдалы іс жасап , өз үлесімді қосқым келеді

ТегтерДенсаулық

ПІКІР ЖАЗУ