Кентауда алтын құрсақты аналарға төсбелгілер табысталды

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпбалалы, алтын құрсақты аналарды қабылдап, құрмет көрсетті.

«Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ана – қасиетті де қастерлі сөз. Ана есімі қашанда ардақты. Адамзатты мойындатқан ғұлама-данышпан да, тарихқа есімі алтын әріппен жазылған арыстар да, батырларда анадан туған» деген қала әкімі аналарға ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріне алғыс білдірді.

Қала басшысы ҚР Призидентінің № 308 жарлығы бойынша Кентау қаласындағы көпбалалы аналарымызға «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстап, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, еліміздегі демографиялық ахуалды жақсартуға мемлекет¬ тарапынан жасалған шаралардың арқасында халық саны артып жатқаны рас. Кездесуде қала әкімі ардақты аналармен естелік суретке түсті.

Жалпы, Кентау қаласы бойынша 3799 көпбалалы жанұя бар. Оның 485-і <Алтын алқа> ,981-і <Күміс алқа>, 29-ы <Батыр ана>, 55-і 1-2 ші дәрежелі <Ана даңқы> иегері атанған.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ