Кентау: Жандос Тасов Қаратау мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы Бейбітшілік, Құрманғазы 86, 84а тұрғын үйі мен Қаратау мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көше жарықтары, ойын алаңшалар, қоғамдық көлік мәселесі қозғалды.

Қәзіргі таңда, Бейбітшілік көшесінде осы сәтке дейін салынбаған жол асфальттанды. Көше бойларына жарық бағаналары орналастырылды. Аталған жұмыстар келесі жылыда жалғасын табады деген қала басшысы, жыл соңына дейін аталған аймақ көгілдір отынмен қамтылатынын жеткізді.

Қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы Құрманғазы көшесіндегі №86, №84А үйлерінің ауласында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылап, тұрғындармен тілдесті. Кентау қаласында қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Құрманғазы көшесіндегі №86, №84А үйлері күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Аталған жұмыстар биыл қазан айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда. Айта кетерлігі, биыл шаһар бойынша 55 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңғыртылуда.

Одан бөлек, қала басшысы қаратау мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесіп, мәселерін тыңдады. Тұрғындар жол салу, газға қосылу, көше жарықтарын қосу секілді бірқатар мәселелерді көтерді. Қала басшысы қала бюджетіне қарай өз кезегімен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, аталған аймақтың инфрақұрылым жұмыстары келесі жылдың жоспарында екенін түсіндірді. Алайда, соған қарамастан асфальт жоқ көшелерге уақытша қиыршық тастар төсеу жағын қарастыратынын атап өтті. Қала тұрғындары қала басшысына ең алдымен қажетті деген аймақтарға көңіл бөлініп жатқандығына ризашылықтарын білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ