Кентау: Өткен жылу маусымындағы 59 млн. теңге қарыздың 20 миллионы өтелді

Жылу маусымына дайындық жұмыстары Үкіметтің назарында. Жүйелерді, жылу энергоорталықтарындағы қазандықтар, сорғыларды жөндеуге аса көңіл бөлінуде.

Тозығы жеткен Кентаудағы №5-ші жылуэнергоорталығында алдағы қыс мезгіліне дайындық қарқын алған. Өткен жылу маусымында орталықтандырылған жүйеден 347 көпқабатты үй, 106 бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан, жеке сектордағы 2 мыңнан астам үй жылу алды. Алайда тұтынған жылуға төлемдер жасамаған борышкерлер бар дейді орталықтағылар.

Бақытжан Орынбасаров, «Кентау-Сервис» мекемесі директорының міндетін атқарушы: «Өткен жылу маусымында қалған дебиторлық қарыз 59 миллион теңге. Жеке тұлғалардың берешегі. Оны нотариалды сот орындаушылар арқылы өндіріп жатырмыз. Жұмыс атқарып, осы күнге 20 миллионын өндіріп алдық, алған 39 миллионын қайтару бойынша жұмыс жасап жатырмыз».

ЖЭО басшылығы «қарыз толық өтелсе, түскен қаржы жылуорталығы мамандарының жалақысы және еңбек демалысы ақысын төлеуге жұмсалуда.Штат бойынша мекемеде 393 адам жұмыс істейді»,-дейді.

ПІКІР ЖАЗУ