Кентау қаласының әскерге шақыру бекеті жаңа ғимаратқа орналасты
Кентау қаласындағы әскерге шақыру бекетінің жаңа ғимаратының ашылуына қала әкімі Жандос Тасов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев, қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусизов қатысты.
Жиында сөз алған қала басшысы еліміздің әскері елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ қазақстандықтардың тыныштығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен бірге Нұрмаханбет Дүйсебаев жаңа ғимаратқа көшкен қорғаныс істері жөніндегі бөлім ұжымын осы маңызды оқиғамен құттықтап, алдағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кентау қаласының әскерге шақыру бекеті шағын ескі ғимаратта жұмыс жасап келген. Енді 2 қабатты жаңа ғимаратқа орналасты. Нысанда қаланың әскерге шақырылатын жастарына алғашқы зерделеу мен медициналық тексеріс жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Қажетті әкімшілік және қызметтік заттармен, медициналық жарақтармен жабдықталған. Бүгінгі таңда 1 қыркүйекте басталған күзгі әскерге шақыру науқаны аясында шақыру комиссиясы жұмысын бастап кетті.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі