Кентау қаласы толықтай көгілдір отынға қосылды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жұмыс сапарымен Кентау қаласына келді. Ең алдымен қала тұрғындарын жылумен қамтып отырған “Жылу энерго орталығы” МКК-на  барды. Жұмыс барысын бақылап, халықты сапалы жылумен қамтамасыз етуде кемшіліктерге жол бермеу керектігін тапсырды.

Сапар барасында қаладағы құрылыс жұмыстары аяқталған 2 кезеңнің газ беру жүйесін іске қосты. Кентау қаласы толықтай көгілдір отынға қосылды.Жалпы, Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2018-2019жж. жүргізілген. Қазіргі таңда, І және ІІІ кезеңдер толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілуде.

Қала бойынша жалпы 18000 абонентің 8 435 абонент яғни 47% табиғи газ жүйесін қолданып отыр.

Қаладағы ll кезеңдегі бөлігінде 3500 абонент бар. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары толықтай аяқталды.

Зұлпыхар Сансызбайұлы Кентау қаласы әкімдігінде қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Коммуналдық салаға қатысты көтерілген бірқатар мәселерге заң аясында жауап берді. Шешімді қажет ететін жағдайларды тиісті сала басшыларына жұмыс жүргізу бойынша тапсырма берді.

ПІКІР ЖАЗУ