Кентау қалалық сотында «Заңдық маңызы бар факторларды анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Сот төрағасы Е.Абдрамановтың ұйымдастыруымен жергілікті заң кеңсесінің адвокаттары мен заңгерлері, полиция бөлімінің қызметкерлері, қалалық емхананың және әлеуметтік бастамалар бөлімінің заңгерлері арасында «Заңдық маңызы бар факторларды анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқталуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.
Сот мынадай фактілерді:
- Адамдардың туыстық қатынастарын;
- Адамның біреуінің асырауында болуын;
- тууды, бала асырап алуды, некеге тұруды, ажырасуды және қайтыс болуды;
- әке болуды тануды;
- құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына, немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі екендігін;
- егер арыз берушіде мүліктің тиесілігі туралы құқық белгілейтін құжат бар болып, бірақ ол жолғалған болса және көрсетілген факт соттан тыс тәртіппен анықтала алмайтын болса, жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді растайтын құжаттардың болуын;
- егер жазатайым жағдайды өзгеше тәртіппен растау мүмкін болмаса, жазатайым жағдайы;
- азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жағдайда, адамның белгілі бір бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуы;
- егер нотариаттық әрекет жасайтын тұлға мұрагерлік мүлікті иелену үшін күшіне ену фактісін растауға қажетті тиісті құжаттардың болмауына байланысты мұраға құқық туралы куәлікті арыз берушіге бере алмаса, мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орнына анықтау туралы істерді қабылдайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды сот анықтайды.