Кентау қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар сабағы өткізілді
Сот төрағасы Е.Абдраманов семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтінін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғанын жеткізіп, сөз кезегін баяндамашыға берді.
Өз кезегінде судья Ұ.Байжігіт сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын атап, оларға заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылатындығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатындығын түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеуірінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екені айтылды.