Кентау қалалық мәслихатының кезекті 8-ші сессиясы өтті

Бүгін қалалық мәслихаттың төрағасы Қабылан Елеусізовтың төрағалық етуімен Кентау қалалық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясы өтті.

Қала әкімі Жандос Тасов пен қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты сессияның күн тәртібінде 13 мәселе бойынша шешім шығарды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алдын ала комиссия отырысында баяндамашылар тыңдалып, мәселелер кеңінен талқыланғаннан кейін сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

ПІКІР ЖАЗУ