Кентау: қала әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарымен кездесті

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова Ащысай ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын түсіндірді.

Ащысайлықтар жұмыссыздық жайын айтты. Ауылда атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, тек жұмыссыздық мәселесін шешіп беруді сұрады. Мәселелермен мұқият танысқан Ақнұр Нұралықызы, алдағы уақытта инвесторлар тартып жаңа жұмыс орнын ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Жиынға қатысқан жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Баубек Ащысай ауылына қарасты жер көлемі ұлғайғандығын айтып, ащысайлықтарды қуантты.

Мұнан соң, қала әкімінің орынбасары жол бойына жасалған қоршауды көрді. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан спорт үйінің жағдайымен танысты. Жұмысшылармен кездесіп, мәселелерін тыңдады.

ПІКІР ЖАЗУ