Кентау: қала әкімі Жандос Тасов іс-сапармен байылдыр ауылында болды

Қала басшысы іс-сапармен қалаға қарасты Байылдыр ауылына барды. Сапар барысында бірқатар ауыл көшелерінің барысымен танысып, өткілдердің қазіргі жағдайын бақылады.

Аралау барысында қала әкімі ауыл басшысына қоғамдық көлік мәселесін қадағалауды,  кәріз жүйесін жүргізіп, тазалық жұмыстарын атқаруды тапсырды.

Сонымен қатар, қала әкімі ауыл ақсақалдарымен кездесіп, көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселелерін тыңдады. Аталмыш мәселелерді шешу барысы бойынша заң аясында жұмыстар атқарылатынын және жіті бақылауына алатынын жеткізді.

Кездесу соңында жаңа қала басшысына сәттілік тілеп, баталарын берді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ