Кентау: қала әкімі Жандос Тасов ардагерлермен кездесті

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаланың ардагерлерімен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында қаланың дамуы мен тұрғындардың әлеуметтік мәселелері талқыланды. Жиынға қала ардагерлері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.

Қай заманда болмасын елдің ағасы болған, елі құрмет тұтқан ақсақалдарымыздың еңбегі кейінгі буынға үлгі, ақыл-кеңесі құнды. Сондықтан қала басшысы береке мен бірлікте ырыс болатынын айтып, ақсақалдар мен басшылар арасында байланыс байыпты түрде жалғаса беретіне сенім білдірді.

Кездесу соңында қаламыздың құрметті ардагерлері қала әкімінің жаңа қызметіне табыс, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ