Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау: Әлихан Смайылов жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кентау қаласының ЖЭО-сына барып, ондағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

Кентау ЖЭО-сы 3 мыңнан астам нысанды, оның ішінде көп қабатты және жер үйлерді, коммерциялық және бюджеттік ұйымдарды жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта мұндағы 6 қазандыққа соңғы 10 жылда бірінші рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.

«Бүгінгі таңда 4 қазандық толығымен дайын. Қалада жылыту маусымы жоспар бойынша 1 қарашадан басталуы керек. Сонымен қатар қосымша 2 қазандық күрделі жөндеуден өтеді, бұл да ЖЭО жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр облыс әкімдігіне жылыту маусымының қалыпты өтуі үшін жабдықтардың барлығын жедел және сапалы түрде іске қоса отырып, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сәйкес жаңалықтар

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда жалпы сыйымдылығы 1560 орындық 7 жаңа балабақша пайдалануға беріледі.

admin

Ғабит Сыздықбеков алғашқы жұмыс күнін тұрғындарды қабылдаудан бастады

admin

Келес аудандық аурухана қызметкерінің әрекеті көптің ашуын тудырды

admin