Кентау: айылдырда көптен бергі көтерілген айналма жол мәселесі өз шешімін табуда

Кентау қаласы Байылдыр ауылында бірнеше жыл бойы көтеріліп келген айналма жолдың құрылысы басталды. Қәзіргі таңда тас төсеу, нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Бұл бойынша қала әкімінің м.а Қуаныш Искаков ауыл тұрғындарымен кездесуде баяндады. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі саябақты көгалдандыру, ағын су жайы аталды.

Бұл бойынша Қуаныш Ғалымжанұлы ауыл әкімдігіне келесі жылдың бюджетіне құрылысын енгізу бойынша тапсырма берді. Ауыл тұрғындарымен бірге саябақты аралап, қәзіргі жай-күйімен танысты. Ауыл тұрғындарының тыныстап демалатын саябақты қарауылдап тұруға бір маманды бекітуді, ұдайы тазалығын сақтап отыруды тапсырды.

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көріп отырған ауыл тұрғыны М.Мейірмановтыңң көлік жөндеу цехының жұмысымен танысты. Қайтарымсыз грант алған ауыл тұрғыны қажетті құрылғысын алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бүгінгі таңда көлігін жөндеуге тек ауылдан ғана емес, қала тұрғындарынанда сұраныс түсуде. Жұмыс көзін ұлғайтуға жер мәселесі туындап отырғанын атап өтті.

Қала әкімінің м.а Қуаныш Искаков тиісті сала басшыларына барынша көмек көрсетіп, қолдау қажеттігін тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ