Кеңестің төралқа құрамының отырысы
Бүгін, аудандық Қоғамдық кеңесінің төралқа құрамының отырысы өтті. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды.
- Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №13/74-VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №13/74-VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобаларын таныстырып, хабарлама жасады. Кеңестің төралқа құрамының мүшелері әрбір бюджеттен үнемделген қаржылар туралы мәліметтерді және 2022-2024 жылдары даму, ағымдағы трансферттерін талқылады. Жиын соңында ұсынымдар тұжырымдалып шешімдер қабылдады.