Кеңестің кезекті отырысы

Бүгін, Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров қатысып, кеңес мүшелерін аталып өткен Төлеби ауданының 90 жылдық мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар ауданның өркендеуіне еселі еңбектері бағаланған бірқатар кеңес мүшелерін мерекелік медальдармен марапаттады.

Отырысты ары қарай аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков жүргізіп отырды. Күн тәртібінде 4 – мәселе қаралды.

  1. Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» №480-V заңының 20 бабының 2 тармағына сәйкес, «2023-2025 жылдарға аудандық бюджет туралы» Төлеби аудандық мәслихаты шешімінің жобалары туралы.
  2. Қоғалы және Қасқасу ауылдық округ әкімдік аппараттарында 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекетік қызмет көрсету мерзімдерін, тәртіптерін, стандартарын бұзылуына жол берген қызметкерлердің жауапкершіліктерін қарау туралы.
  3. Аудандағы кешкі мектепте атқарылып жатқан жұмыстары мен іс-шаралардың орындалуы туралы.
  4. Аудандық Қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылау.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекеме, бөлім басшылары баяндама жасады. Кеңес мүшелері тараптарынан баяндамашыларға ұсыныс, пікір, сұрақтар қойылып жауаптары тыңдалды және алдағы уақытта жұмыстарды жақсарту мақсатында нақты ұсынымдар жасалып, әрбір мәселе бойынша шешімдер қабылдады.

 

ПІКІР ЖАЗУ