Кендауда «Кентау –өнерлі аймақ» атты қалалық қолөнер шеберлері байқауы өтті

Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, халқымыздың рухани-тарихи тамырларының кең аясынан әдет-ғұрып пен салт дәстүріміздің негізі саналатын қолөнерді насихаттау, дарынды адамдарға қолдау көрсету мақсатында «Кентау –өнерлі аймақ» қалалық қолөнер шеберлері байқауы өтті.

Байқауға қаламыздан жалпы 8 үміткер қатысып,өз жұмыстарын қорғап шықты.

Байқау нәтижесінде шеберлер арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мамбетова Гульмира I орын , Ермекбай Арайлым II және Туреханов Бақыт II орынды, Мырзабекова Фариха, Исабеков Болат, Худайбергенова Рано III орынды иеленсе, Нұрманова Фарида,Назарбекова Бақыткүл қатысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі