Келестіктер «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында 1 млрд теңгеге жуық қаражат алды

«Ауыл аманаты» – ауыл халқының тұрмыстық жағдайын жақсартатын жоба. Түркістан облысының Келес ауданында төрт ауылдық округінің тұрғындары осы жобамен қаражат алып, кәсіптерін ашуда. Бүгінде жобаға қатысушылардың бірі мал басын көбейтіп, бордақыласа, енді бірі жылыжай ісін жандандырып келеді. Келес өңірінде бағдарлама аясында 4 өндірістік кооперативі құрылып, 496 азамат 4 округтан қызығушылық танытты. Олардың арасынан бүгінге дейін 300 өтінім қабылданып, 199 жоба мақұлданды. Қаржыландырылған жобалардың саны – 133-ті құрап, 735,4 млн.теңгеге қол жеткізді. Бұл туралы аудан әкімі Жәнібек Есенұлының төрағалығымен өткен аппараттық жиында айтылды.

– “Ауыл аманаты” пилоттық жобасына Келес ауданынан Қошқарата, Ошақты, қосымша Ақтөбе және Біртілек ауылдық округтері қатысуда. Қошқарата ауылдық округінен «Үш Арыс KZ» ӨК жылыжай және мал шаруашылығын дамытуға ниет білдірсе, Ошақты ауылдық округінен «Төрт түлік-2023» ӨК мал шаруашылығын (мал бордақылау) дамытуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Біртілек ауылдық округінен «АгроКент» ӨК жылыжай және құс шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстарды бастап кетті. Ал Ақтөбе ауылдық округінен «Тамсан-БТА 2023» ӨК балық шаруашылығымен айналысуда. Жобалар Облыстық «Ырыс» МКҰ» ЖШС-не өткізілуде, – деді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының м.у.а. Өмірсерік Алтынбаев.

Айта кетейік, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан “Ауыл аманаты” жобасы аясында жаңа бағыт іске қосылды. Бұған дейін шаруалар өсімдік, құс, балық және мал шаруашылығы үшін жеңілдетілген несие ала алатын еді. Енді жергілікті биліктің шешімімен тұрғындардың өз кәсібін ашуына мүмкіндік туып отыр. Мәселен, жеңілдетілген қаржы алған тұрғындар өңдеуге бағытталған кәсіпорын ашуға, қызмет көрсету саласында жеке кәсіп ашуына болады. Бұл бағытқаауданның кез-келген тұрғыны қатыса алады.

Аудан басшысының төрағалығымен өткен аппараттық жиында жалпы 4 мәселе талқыланды. Олардың қатарында облыс әкімінің, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, аудан аумағындағы заңсыз салынған құрылыстар, аудан аумағындағы санитарлық-тазалық жұмыстары,тұрғын үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстары және «Ауыл аманаты» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер талқыланды.

ПІКІР ЖАЗУ