Келестен шыққан термеші үздік атанды
Ұлттық дәстүрлі өнерімізді ұлықтау мақсатында Шымкент қаласындағы “Түркістан” сарайында Республикалық “Ұлы дала шежіресі” атты термешілер байқауы болып өтті. Айтулы жыр додасына Республикамыздың түкпір-түкпірінен 17 мен 35 жас аралығындағы кілең жүйріктер қатысты.
Қазылар алқасының төрағасы эпик жыршы, фольклор танушы ғалым Берік Жүсіпов, қазылар алқасының мүшелері болды. Олардың қатарында дәстүрлі әнші Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерлері Нұржан Жанпейісов, Жанар Айжанова, Музарт тобының әншісі Мейрамбек Беспаев және айтулы ақын Қалқаман Сарин мен дәстүрлі әнші Жәнібек Кәрменовтың шәкірті Кежебай Шал, ғалым ұстаз Жақып Спатаев қазылық етті.
Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар озады дегендей жыр додасының бас жүлдесі Киелі Келестің тумасы Нұртуған Абылайұлына бұйырды.
Абылайұлы Нұртуған 2006 жылы қаңтар айының 12 ші жұлдызында Келес ауданының Ұшқын ауылында дүниеге келген. Сахнаға алғаш рет 8 жасында шықты. Сарыағаш ауданында өткен “Әке мен бала” атты байқауында бас жүлдеге ие болған. Абай ауылдық саз мектебінде домбыра класын 5 жыл білім алып, аяқтады. Бірнеше аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегері. Қазіргі таңда Шымкент саз колледжнің дәстүрлі ән факультетінің 3 курс студенті. Алғашқы ұстазы асқар тау әкесі жыр— термені үйреткен жыршы Абылай Бөріханов. Қазіргі ұстазы бірнеше шәкірттер тәрбиелеп, білім беріп жүрген Ербол Қалмырзаев болып табылады.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі