Келесте шағын жинақты ауыл мектептерін дамыту мәселесі талқыланды

Келес ауданының білім бөлімі мен Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2023 жылдың 19-20 қазанында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдістәсілдері» тақырыбындағы республикалық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты мамандандырылған мектеп тәжірибесі негізінде серіктес шағын жинақты білім мекемелерінде білім сапасын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен алмасу болып табылады.

Республикалық шара аясында «Оқушыларды ғылым жарыстарына дайындау тәсілдері» тақырыбында TEDX, педагогтың дамуы мен жетілуінің жаңа мүмкіндіктерін талқылауға арналған дөңгелек үстел, ауыл мектебінің қазіргі жағдайы, мәселелері мен шешу жолдарын анықтау мақсатында телекөпір,

желілік қоғамдастық аясында мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы, «Көмектаймс» жобасын шағын жинақты мектептер жүйесімен үйлестіру үшін арнайы Case study, «Ауылым-алтын бесігім» зияткерлік сайысы сияқты бірнеше тақырыптың алаңдар ұйымдастырылды. Жиында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою мәселелері де сөз болды.

Семинарға еліміздің әр аймағынан жиналған 140-қа жуық мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының ғалымдары да қатысты

ПІКІР ЖАЗУ