Келесте салық заңнамасындаға өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Келес аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Салық төлеушілермен яғни мекеме бас есепшілері, заңды тұлға басшылары, жеке кәсіпкерлер, қоғамдық пікір көшбасшылары, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық заңнамасындаға өзгерістер мен толықтырулар және Мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша семинар болып өтті.

Семинар барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы С.А.Ширинбекова Мемлекеттік кірістер органдарының басты мақсаттарының бірі  салық төлеушілерге жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасау жөнінде баяндама жасады.

Сонымен қатар, Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы А.У.Тулепов, Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Н.Қайыпжан  салық заңнамасында енгізілген өзгерістермен толықтырулар және салық түсінігі, салық саясаты, салық мәдениеті тақырыптарында, оның ішінде Жалпыға бірдей декларациялау (250.00 және 270.00), жеке тұлғаның банкроттығы, Мемлекеттік кірістер саласындағы жобалар мен акциялар, қолданысқа енгізіліп жатқан мобильді қосымшалар туралы салық мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады. Семинар соңында салық төлеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

ПІКІР ЖАЗУ