Келесте Республика күніне орай велошеру өтті

Тәуелсіздіктен де қастерлі, азаттықтан да абыройлы болған ұлттық мерекеде ту ұстаған келестік велошабондаздар Асан қайғы көшесінен бастап, Абай ауылының орталық көшелерімен жүріп өтті. Аталмыш шеруге өңірдің 25-ке тарта белсенді жастары, аудан тұрғындары қатысып, шараны еріктілер де қолдады.

Айта кетерлік жайт, аудан әкімінің қатысуымен өтетін дәл осы секілді велошеру Республика күнінен бөлек, Рәміздер мерекесі, Тәуелсіздік мейрамдарында да дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады.

Жарты сағатқа созылған велошеру өңірдің басты мерекелік шарасы өтетеін орталық спорт алаңында өз мәресіне жетті. Құрметті келестіктер, баршаңызды әрбір қазақстандық үшін атаулы болған ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Көк байрағымыз көгілдір аспан көгінде мәңгі қалықтасын! Азаттығымыз жасасын! Қазақтығымыз жасасын!

ПІКІР ЖАЗУ