Келесте пробация есебінде тұрған 9 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

Келес ауданы әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрағасы Даурен Сариевтың төрағалығымен консультациялық-кеңесші органының отырысы болып өтті. Жиынға аудан прокуратурасының прокуроры Мирас Әмірайым және комиссия мүшелерінің қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралып, баяндамашылар өз мәліметтерін ұсынды.

– Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарына босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қаулысына сәйкес 9 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жалпы пробация қызметі есебінде тұрған 20 азамат жұмыспен қамтылды, – деді Нурипа Темирбаева өз баяндамасында.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Аширбаев Нұрдаулет Рахманалиевич жыл басынан бері қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарға қайта қылмыспен әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеуі мақсатында бөлім тарапынан күнделікті бақылау жұмыстары жүргізіліп отырғандығын, сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсету бағытында жергілікті атқарушы органдар және ішкі істер органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізіліп, психологиялық-құқықтық және медициналық көмектер көрсетіліп жатқаны туралы баяндап берді.

Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрағасы Даурен Нұрланұлы пробация қызметі бөліміне аудандық мансап орталығына, ауыл және ауылдық округтің әкімдеріне пробация есебінде тұрған азаматтарға тиісті әкімшілік аумақтары бойынша тығыз байланыста жұмыс жүргізуге тапсырма берді.

(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ