Келесте меморандум арқылы 15 мың гектардан астам жер жайылымға беріледі
Түркістан облысы, Келес ауданы, Бозай елді мекені жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамтылады. Өткен жылы бастау алған жұмыстарды «Baratco» ЖШС-гі жүргізуде. Қазіргі таңда 726 метр тереңдікте ұнғыма қазылып, 24,2 шақырым су құбырлары орнатылды. Жалпы су құбырын ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Құрылыс монтаж жұмыстары аяқталған соң 1700-ден астам тұрғын ауыз сумен қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Бозай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Бозайлықтар ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарда жүр. Соның ішінде мал шаруашалығымен айналысатын шарулардың қарасы басым. Мал шаруашылығын дамытамын деген шаруада жайылым жер мәселесі өзектілігін жоғалтпаған. Аудан басшысының алдынғы кездесуінде осы мәселе көтерілген болатын. 3 ай ішінде ауқымды жұмыстар атқарылған. Жайылым жер телімдерін ортақ пайдалануға енгізу жұмыстары бойынша Бозай ауылдық округі аумағынан 1375 гектар жайылым жер учаскесіне оң қортынды беріліп, жерге орналастыру жобасы істелінді. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің қаулысы дайындалуда. Сонымен қатар 15 000 гектар жайылым бойынша жеке және заңды тұлғалармен үшжақты келісімшарт жасау жұмыстары жүруде. Бұл мәселе толық шешімін тауып, жайылым тұрғындарға берілмек.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі