Келес: Республика күніне орай ерекше азаматтар арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды

Келес ауданында 25 қазан – Республика күніне орай зейнеткерлер мен “Ерекше” жандар арасында спорттың шахмат, дойбы, үстел теннис, бильярд түрлерінен сайыс өтті. Аталған шара «Қазыналы қария – Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының базасында ұйымдастырылды.

Спорттық сайысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, марапаттауға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев барды.

– Бұл күн Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи сәт ретінде де өте қастерлі. Ұлттық мерекеміздің мән-мағынасын жас ұрпаққа түсіндіру, патриотизмді күшейтіп, ел бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматына артылған қасиетті борыш. Барша зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарды Республика күнімен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, татулық, бақ-береке тілеймін – деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары.

Іс-шарада жалпы 11 мүгедектігі бар азаматпен 15 зейнеткер сайысқа түсті. Жеңімпаздар арнайы естелік сыйлықтармен алғыс хаттар табысталды.

ПІКІР ЖАЗУ