Келес: мамандар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен аудан орталығы Абай ауылында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерге «Улы газбен уланудың алдын алу», «Ата-ана балалардың қауіпсіздігіне жауапты» тақырыптары аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

– Түсіндіру жұмыстары барысында Абай ауылындағы тұрғын үйлерді  аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған қағаз таратылды. Түрғындар өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараған жөн. Газ баллондарын арнайы мамандандырылған пунктерден ғана толтыру керек. Тағы айта кететіні жыл сайын жылыту маусымының басталуымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі тұрмыстық өрттердің саны өсуде, олардың себептері жылыту жүйелері мен қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу, пешпен жылыту, электр желісінің шамадан тыс жүктелуі, сондай-ақ қарапайым немқұрайлылық болып табылады. Сондықтан, қарапайым талаптарды орындау туралы алдын ала ойлай отырып, өрт сияқты қайғының алдын алуға болатынын тағы да еске салу маңызды, – деді Келес аудандық ТЖБ-нің бастығы Хайрулла Кеңесов.

Ескертетін жайт, жылыту маусымында егер сіз жеке үйде немесе қысқы үйде саяжайда тұрсаңыз,  пештің және түтіндіктің жарамдылығын тексеру, оларды жөндеу, күйені тазалау, жарықтарды майлау, пайда болған жарықтарды бірден көру үшін шатырда түтіндікті әктеу қажет. Ал жылыту маусымы кезінде күйені тазалау керек. Күл мен қождың үстіне су төгіп, қауіпсіз жерге шығару қажет. Пештің үстінде кептіру үшін қалдырылған үй заттары мен басқа да жанғыш материалдар да қайғылы жағдайларға әкеліп соқтырады.

ПІКІР ЖАЗУ