Келес: күн тәртібінде аудан орталығын абаттандыру мәселесі талқыланды
Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Сол қатарда Абай ауылының тазалығы, ғимараттардың қасбеттері мен көше бойларында орналасқан жол белгілерінің реттілігі туралы аудан әкімінің кеңесшісі Мақсат Ниязов мәлімдеді. Арнайы слайдттық бағдарлама арқылы дайындалған баяндамада бірқатар кемшіліктер айтылды.
-Аудан орталығы өңірдің айнасы. Дегенмен ауданның негізгі бөлігінде көзге көрінетін кемшіліктер жеткілікті. Ортылық базар, ішкі көшелер мен көп қабатты тұрғын үйлердің ауларын абаттандыру бағытында аудан басшысының берген тапсырмалары толыққанды орындалмай тұр. Тиісті жұмыстарды үйлестіруды жандандырып, нәтижесін қайта қарайтын боламыз, – деді Мақсат Ниязов.
Өз кезегінде аудан әкімі Жәнібек Есенұлы берілген тапсырмаларды орындауда осалдық танытқандарға ескерту беріп, әрбір жұмысты жұмыла атқаруға шақырды.