Келес: Біртілектегі Иса Байзақов көшесі келесі жылы асфальтталады

Келес ауданына қарасты Біртілек ауылдық округінің Иса Байзақов көшесін асфальттауға бюджеттік өтінім беріліп, облыстық салалық басқармаға сұраныс жіберілді. Нәтижесінде аталған көше тармақтары келесі жылы орта жөндеуден өтеді. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев аталған көше тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

– Сіздердің көтерген мәселелеріңіз бойынша аудан әкімдігіне қарасты салалық бөліммен тиісті жұмыстарды атқардық. Бүгінде құжаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып, қаржы қарастыру жұмыстарын жүргізудеміз. Алдымен облыстық бюджеттен сұранымызға жауап күтеміз. Ол жақтан нәтиже болмаса, жергілікті бюджет есебінен бұл көшенінің құрылысын жүргіземіз, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Жергілікті тұрғындар кездесу барысында жолдан бөлек ауыз су, түнгі жарық шамдарын қайта жөндеуден өткізу сынды мәселелерді көтеріп, орындалу деңгейі бойынша ақпарат алды.

 

ПІКІР ЖАЗУ