Келес: басты міндет – бюджет түсімін арттыру

Келес ауданында жеке тұлғалардың жер, мүлік, көлік салығының берешегін өндіру бойынша жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен өткен жиынға аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Қайыпжан, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азмат Мұратов пен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Жиын барысында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы экрандағы слайд арқылы жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтарының берешектері, салықтық берешектерді жою жұмыстары, табыс салығы мен әлеуметтік салық, басқа да өзекті мәселелер бойынша жан-жақты талдау жасай отырып, хабарлама жасады.

– Жеке тұлғалардың салығын өндіру межесі төмен болмау қажет. Жоспарды орындау мерзіміне аз уақыт қалуына байланысты,  Жүзімдік, Ошақты, Жамбыл, Бозай, Бірлесу, Алпамыс батыр және Біртілек ауыл округтері межеден шығалмау қаупі бар. Аталған ауыл әкімдері өткен жылғы көлік салығы берешектерін өндіру бойынша тиісті әкімшілендіру ұйымдастыру жұмыстары өте төмен көрсеткіште, – деді басқарма басшысы.

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Даурен Нұрланұлы ауыл округтерінің биылғы жылдың жергілікті бюджеттің болжамдық жоспарын орындауда сапалы, нақты жұмыс жүргізуге тапсырма жүктеді.

ПІКІР ЖАЗУ