Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Келес ауданында жол белгілері қойылуда

 Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев апта сайын ауылдық окугтерге барып жергілікті тұрғындармен кездесуде. Сол кездесулерде тұрғындар аудан басшысынан көше бойларына жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнатуды сұраған болатын. Аудан басшысы өз сөзінде жол белгілері мен жасанды кедергілер заң талаптарына сай қажетті жерлерге орнатылатынын жеткізген болатын. Бүгінде халық сұранысы қанағаттандырылып, аудан аумағында 150 дана жол белгілері, 32 дана жасанды жол кедергілерін орнату, 200,0 шаршы метр мектеп аумағына жаяу жүргіншілер жолағын сызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде «Сарыағаш Сәулет» ЖШС мен ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында келісіп шарт түзілген. «Сарыағаш Сәулет» ЖШС 4000,0 шаршы метр аумаққа ойық-шұңқырларды жамау жұмыстарында атқарып шықты.

 Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент пен Алматы қалалары өзара әріптестік байланыс орнатты

admin

Қытайда метапневмовирус өршіді: Еліміздегі жағдай қалай

admin

Түркістан қаласының әкімі Бекзат секторында халықпен кездесуі

admin